SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда небәрі 249,3 мың сәби дүниеге келді. Оның ішінде 128,4 мыңы — ұл, 120,9 мыңы — қыз. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
Қалаларда туған балалар саны 152,2 мыңға жетсе, ауылдық жерлерде 97,1 мың нәресте өмірге келген.
Туудың ең жоғары қарқыны дәстүрлі түрде демографиясы күшейген өңірлерде тіркелді. Түркістан облысында көрсеткіш 1000 тұрғынға шаққанда 22,26-ны құрады. Одан кейін Шымкент қаласы — 21,46 және Маңғыстау облысы — 21,26 көрсеткішімен көш бастап тұр.
2025 жылы жаңа туғандарға қойылған есімдер арасында да айқын тренд қалыптасты. Ұлдар арасында ең көп қойылған есімдер — «Мұхаммед», «Алихан» және «Айсұлтан». Қыздар арасында — «Айлин», «Асылым» және «Медина».
RUS