320

Абай облысында мектеп оқушылары сабақ кезінде порнографиялық видеолар көрген

Мектеп басшылары жағдай үшін жазаланды.

Абай облысында мектеп оқушылары сабақ кезінде порнографиялық видеолар көрген
iStock

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Абай облысында прокуратура мектептердегі интернет қауіпсіздігін бақылаудың әлсіздігін анықтады.

Курчатов қаласының мектептерінде төрт информатика кабинетіндегі интернет контентін сүзетін фильтрлер жұмыс істемеген.

Нәтижесінде оқушыларға психикасы мен дамуына зиян келтіретін, соның ішінде суицидтік сипаттағы материалдар мен ересектерге арналған сайттарға қолжетімділік ашық болған.

Қауіп-қатер төндіретін ресурстарға қолжетімділік дереу шектелді. Мектеп директорлары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 409-бабының 7-2 бөлігі бойынша айыппұлға тартылды.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор