836

АҚШ Теңізшевройл мен Қарашығанаққа салынған санкцияларын алып тастады

Қазақстанның ірі мұнай-газ жобаларына қайта халықаралық сенім орнайтын болды.

АҚШ Теңізшевройл мен Қарашығанаққа салынған санкцияларын алып тастады
REUTERS/Turar Kazangapov

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ билігі «Роснефть» пен «Лукойлға» қатысты бұрын енгізілген санкциялар аясынан Каспий құбыр консорциумын (КҚК), «Теңізшевройл» компаниясын және Қарашығанақ кен орнын шығару туралы шешім қабылдады. Бұл туралы АҚШ Қаржы министрлігінің №124B жалпы лицензиясында жария болды.

Жаңа лицензияға сәйкес, аталмыш жобалардың операциялық қызметіне қатысты барлық қызмет көрсету және транзакцияларды жүргізу рұқсат етіледі. Дегенмен, лицензия компаниядағы үлестерді сату немесе басқа тұлғаларға беру құқығын қарастырмайды.

Бұл қадам Қазақстандағы ірі мұнай-газ жобаларының жұмысына сенімділік береді және халықаралық серіктестермен қарым-қатынасты тұрақтандыруға мүмкіндік ашады.

Материал авторы