Қырғызстанда қыз зорлықшыдан қорғану үшін жігіттің тілін тістеп алған

Аиса Махамбет Редактор
17.11.2025, 14:13
461
Қырғызстанда қыз зорлықшыдан қорғану үшін жігіттің тілін тістеп алған kaktus.media

Қызды әуелде кінәлі деп таныған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қырғызстанның Манас қаласында өткен ерекше оқиға әлі де қаралып жатыр. Жас қыз өзін қорғау барысында танысы жігіттің тілін тістеп алған. Бұл туралы MediaHub журналисті Эльвира Сұлтанмұрат мәлімдеді.

Қыздың айтуынша, оқиға күні ол, досы және танысы бір жігіт тойдан қайтып келе жатқан. Көліктен шығуға тырысқан қызды жігіт жібермей қойған. Содан кейін жігіт әрекет жасап, тіпті зорлаймын деп қорқытып, күштеген.

«Ол мені зорлаймын деп қорқытып еді. Мен айқайлап, итеріп, жіберуін сұрадым, бірақ ол тоқтамады», — дейді қыз. Сол сәтте ол инстинктивті түрде әрекет етіп, жігіттің тілін тістеп алғанын айтты: «Мен тістегенде тілдің осылай оңай жұлынып кететініне тіпті сенбедім».

Қыздың сөзінше, олар ешқашан жұп болмаған:

«Біз тек таныс едік», - дейді қыз

Оқиғанан кейін ол қоғамның қысымы мен сөгісінен қорқатынын жеткізді:

«Адамдар мен туралы түрлі әңгімелер айтып жүр. Қаладан еркін жүру қиын. Мен өзімді ақтап шығуым керек. Мен кінәлі емеспін», - дейді ол.

Еске салсақ, 8 қарашада 26 жастағы жігіт Манас ауруханасына тіл мен астыңғы ерін жарақатымен жеткізілген. Ол дәрігерлерге бұл жарақат «сүйісу кезінде» алынғанын айтқан. Кейін жігіт полицияға шағым беруден бас тартқан. Полиция тараптар «бір-біріне шағымы жоқ» деп хабарлағанымен, оқиға бойынша тексеру жалғасып жатыр.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады