Том Круз 40 жыл күттірген «Оскарын» алды

17.11.2025, 14:14
374
Том Круз 40 жыл күттірген «Оскарын» алды Kevin Winter / Getty Images

Атышулы актер Том Круз алғаш рет жеңімпаз атанды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Лос-Анджелесте актер Том Крузға өмірлік еңбегі үшін құрметті «Оскар» табысталды. Марапат 16 қарашада Governor Awards салтанатында берілді. Бұл рәсім негізгі «Оскар» мерекесінен бөлек өтеді.

Кино әлемінде 40 жылдан астам еңбек еткен Круз төрт рет номинацияға іліккенмен, бұған дейін жеңімпаз атанбаған. Ол «4 шілдеде туған жан» және «Джерри Магуайер» фильмдеріндегі басты рөлі үшін, «Магнолиядағы» екінші пландағы рөлі үшін, сондай-ақ «Топ Ган: Мэверик» фильмінің продюсері ретінде номинацияланған.

Құрметті «Оскар» – кино индустриясында ең мәртебелі сыйлықтардың бірі. Бұрынғы лауреаттар қатарында Чарли Чаплин, Джуди Гарленд, Федерико Феллини, Фрэнсис Форд Коппола мен Спайк Ли бар. Енді бұл мәртебелі тізімге Том Круз да қосылды. Голливудта оны пандемиядан кейін кинотеатрларды қайта жандандырудағы еңбегі үшін «кино сақтаушысы» деп атайды.

Том Круз тек басты рөлдерімен ғана емес, «Орындалмас миссия» сериясындағы қауіпті трюктерімен және Стэнли Кубрик пен Пол Томас Андерсон сияқты культ режиссерлермен бірлесе жұмыс істеуімен де танымал.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады