Атырау облысында жанармай бекетінде автобус өртенді
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жеткен.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысының Доссор кентіндегі жанармай бекетінде автобус өртенді. Оқиға 16 қараша күні Мақат ауданында болды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, жалынды дереу ауыздықтаған. Жедел әрекеттің арқасында от жанармай стансасының аумағына таралмай, ықтимал апаттың алдын алды.
Өрт қысқа уақытта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші