Талдықорғанда 16 жастағы жасөспірім полициядан қашып, ұсталды

17.11.2025, 15:38
364
Талдықорғанда 16 жастағы жасөспірім полициядан қашып, ұсталды полиция департаментінің бейнежазбасынан

Жүргізуші куәлігі жоқ жасөспірім қолға түсті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талдықорғанда түнгі рейд кезінде Mitsubishi Pajero көлігінің жүргізушісі полиция талабын елемей, қашпақ болып әрекеттенді. Оқиға 16 қарашада сағат 03:00 шамасында болған.

Патрульдік полицейлер жүргізушіні тоқтатпақ болғанда, көлік Кабанбай батыр көшесімен жоғары жылдамдықпен және қауіпті бұрылыспен қозғалып бара жатқан. Заңды талапқа бағынбаған жасөспірім жылдамдықты үдетіп, қашуға тырысқан.

Полиция бірден қуғынға түсіп, бағыт-бағдарды өзге кезекшілікке жеткізген. Бірнеше минутқа созылған қуу нәтижесінде көлік көпқабатты үйдің ауласында бөгетке алынып, тоқтатылды.

Тексеру кезінде рөлде 2009 жылы туған, жүргізуші куәлігі жоқ жасөспірім отырғаны анықталды. Ол полиция бөліміне жеткізілді, ал ата-анасына оқиға туралы хабар берілді. Автомобиль айыптұраққа қойылды.

Жасөспірімнің заңды талапқа бағынбауы және көлікті жүргізу құқығы болмағаны бойынша материалдар сотқа жолданды. Сонымен бірге, кәмелетке толмаған баланың түнгі уақытта қараусыз жүруі және ата-анасының тәрбиелік міндетін тиісінше атқармауы бойынша оның ата-анасына да әкімшілік хаттама толтырылған.

Көлікте оның жасы шамалас үш досы болған. Олардың ата-анасына да дәл осы себеппен әкімшілік жауапкершілік қарастырылды.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады