Германия қайтадан Израильге қару жеткізе бастады

17.11.2025, 15:59
431
Германия қайтадан Израильге қару жеткізе бастады Anadolu Agency / Reuters Connect

Германия үкіметі шектеуді алып тастады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Германия Израильге қару-жарақ жеткізуге тамызда енгізілген шектеуді алып тастады. Бұл шешім 24 қарашадан бастап күшіне енеді. Бұл туралы үкімет өкілі Штефан Корнелиустың мәлімдеді.

Берлин шектеуді жоюды 10 қазаннан бері Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату режимінің «соңғы апталарда тұрақтануымен» түсіндірді. Алайда бұл Германия енді кез келген өтінімді автоматты түрде мақұлдайды дегенді білдірмейді. Үкімет қару экспортын әр өтініш бойынша жеке қарауды жалғастыратынын және аймақтағы жағдайға қарай әрекет ететінін атап өтті.

Корнелиус Германия Таяу Шығыста тұрақты бейбітшілік орнату бастамаларын әрі қарай қолдайтынын және Газа тұрғындарына инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша көмек көрсететінін айтты.

Израильдің сыртқы істер министрі Гидеон Саар Берлиннің «жартылай эмбаргоны» алып тастағанын құптап, өзге елдерді де Германияның қадамын қайталауға шақырды.

2023 жылғы 7 қазандағы ХАМАС шабуылы соғыстың қайта басталуына себеп болғаннан кейін Германия Израильге әскери қолдауын күшейткен еді. Сол кезеңде канцлер Олаф Шольц басқарған үкімет Израильге шамамен 500 млн еуро көлемінде қару-жарақ жеткізген.

Фридрих Мерц үкіметі кезінде де жеткізілімдер жалғасты, бірақ көлемі азайды. Сонымен бірге ресми Берлин Газадағы гуманитарлық дағдарысты алға тартып, Израильдің әскери тактикасына жиірек сын айта бастаған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды