SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлемдік Кубогының финалдық кезеңінде қазақстандық боксшылардың қоржыны тағы бір медаль мүмкіндігінен айырылды.
90 килограмм салмақта сынға түскен Бекзат Таңатар ширек финалда жергілікті боксшы Навин Кумармен қолғап түйістірді. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті толықтай үнді спортшысына берді. Соңғы раундта Кумар боксшымыз Бекзатты тұрып нокдаунға жіберген.
Осылайша, Навин Кумар жартылай финалға өтіп, кем дегенде қола медальға қол жеткізеді. Ал Бекзат Таңатар турнирден шеттеді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстаннан сынға түскен Нұрсұлтан Алтынбек (55 кг) пен Аман Қонысбеков (75 кг) те жартылай финалға жолдама ала алмады.
RUS