Батыс Қазақстанда жан түршігерлік жол апатынан 8 адам қаза тапты
Toyota Camry мен Volkswagen көліктері өртеніп кетті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысында ауыр жол апаты салдарынан 8 адам қаза тауып, тағы 4 адам ауруханаға жеткізілді.
17 қарашада таңғы сағаттарда Чапай – Жаңақала – Сайқын тасжолының 50-ші километрінде Toyota Camry мен Volkswagen Sharan автокөліктері бетпе-бет соқтығысты. Қақтығыс салдарынан бір көлік өртенді.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері, тергеу-оперативтік топ және Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа себеп болған – бір жүргізушінің қарсы жолаққа шығуы. Полиция хабарлағандай, ауа райы мен жол жағдайы қалыпты болған: көріну жақсы, қозғалысқа кедергі жоқ еді.
Полиция департаменті қаза болғандар мен зардап шеккендерді еске салып, жол ережелерін сақтауға шақырды:
«Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажет. Кез келген бұзушылық, әсіресе адамдар тасымалдау кезінде, тікелей қауіп төндіреді», – деді ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жайлары мұқият тергелуде.
Материал авторы