537

Алғабастағы алапат өрттен 9 бала мен 3 ересек адам қаза болды

Алғабастағы жантүршігерлік трагедияға байланысты президент көңіл айтты.

Алғабастағы алапат өрттен 9 бала мен 3 ересек адам қаза болды
pixabay.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысының Жетісай ауданындағы Алғабас ауылында екі қабатты жеке үйден шыққан өрт 12 адамның өмірін қиды. Олардың арасында балалар да бар.

Төтенше жағдай туралы хабар түнгі уақытта 101 қызметіне түскен. Құтқарушылар жеткен кезде үй толықтай өртке оранған. Тілсіз жауды ауыздықтау барысында өрт сөндірушілер ес-түссіз жатқан үш адамды үйден алып шығып, жедел жәрдемге тапсырды. Сондай-ақ үй ішінен 12 адамның мүрдесі табылды. Оның 9-ы бала, қалғаны ересектер.

Көршілердің айтуынша, үйде қонақтар болған: алдыңғы күні өткен шарадан кейін бірнеше адам сонда қонып қалған. Өрттің аумағы шамамен 360 шаршы метрді шарпыған. Қазір өрт толық сөндірілді, оқиға орнында барлық жедел қызмет жұмыс істеп жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, Үкімет пен облыс әкімдігіне қажетті көмекті көрсету және трагедияның себебін мұқият тергеуді тапсырды.

Материал авторы