Тәліптер әйелдерге бақшасы бар мейрамханаларға баруға тыйым салды

11.04.2023, 13:18
646
Тәліптер әйелдерге бақшасы бар мейрамханаларға баруға тыйым салды pixabay

Тәліптер отбасы мен әйелдерге Ауғанстанның солтүстік-батысындағы Герат провинциясындағы бақшасы бар мейрамханаларға баруға тыйым салды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Аты-жөні жасырылған шенеуніктің айтуынша, бұл шаралар дін ғалымдары мен қоғам өкілдерінің мұндай жерлерде әйелдер мен ерлердің араласып кететіні жөніндегі шағымдарынан кейін қабылданған, деп жызды Times Of India.

Тәліптер тыйым ерлер мен әйелдердің араласуына байланысты және әйелдер хиджабты дұрыс кимегендіктен енгізілді деп мәлімдейді.

Далада тамақтануға тыйым салу Гераттағы мекемелерге ғана қатысты, өйткені онда мұндай үй-жайларға баруға ер адамдарға әлі де рұқсат етілген. Бұл – 2021 жылдың тамызында билікке келген сәттен бастап Талибан (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) енгізген бірқатар шектеудің соңғысы.

Олар алтыншы сыныптан кейін қыздарды мектепке, ал әйелдерді университеттерге жібермейді, кейбір жұмсытарды істеуге, соның ішінде БҰҰ-да жұмыс істеуге рұқсат бермейді. Сондай-ақ қыз-келіншектерге саябақтар мен спорт залдар сияқты қоғамдық орындарға баруға тыйым салынған.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді