SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Әлемдік бокс құрылымына өзгеріс ұсынған отандық экс-чемпион Геннадий Головкин төрешілікке жасанды интеллектті енгізу идеясын қолдайтынын мәлімдеді.
World Boxing ұйымының президенттігіне үміткер Головкиннің сайлауалды бағдарламасында боксшылар үшін білім беру және психологиялық қолдау орталығын құру, қаржы есебінің ашықтығын қамтамасыз ету және ЖИ-технологияларын судейлікке енгізу көзделген.
GGG BBC-ге берген сұхбатында технологияны жақтаудың себебін түсіндірді:
Головкиннің айтуынша, төрешілікке әрдайым адами фактор әсер етеді. Жасанды интеллект шешім қабылдамайды, бірақ даулы эпизодтарда, әсіресе қайта қарау мен ұпай санау кезінде көмекші құралға айналуы тиіс.
Ол ЖИ-дің даму қарқыны спортқа пайда әкелетінін атап өтті.
World Boxing президентін сайлау 23 қарашада Римде өтеді.
RUS