Qazaq Stroy иесі Нұрлан Артықбаев «Ақтөбе» футбол клубын сатып алды
Forbes тізіміндегі ең ықпалды бизнесмендердің бірі атышулы клубтың иесі атанды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Qazaq Stroy компаниясының негізін қалаушы әрі инвестор Нұрлан Артықбаев «Ақтөбе» футбол клубының жаңа иесі атанғанын растады. Клубтың даму стратегиясы мен алдағы маусымға байланысты ұйымдастырушылық шешімдер 2026 жылдың қаңтарында талқыланбақ.
Forbes.kz мәліметінше, 49 жастағы Артықбаев 2025 жылғы байлығы ең жоғары 75 кәсіпкердің тізімінде 44-орында тұр. Ол Qazaq Stroy және 2023 жылдан бері біріктірілген Exclusive Qurylys компанияларының негізін қалаушы және негізгі үлес иесі саналады. Бұдан бөлек, Telecom Systems Ltd. арқылы «Қазақтелеком» АҚ-ның 9,19 пайыз акциясын бақылайды. Бұл үлес 2024 жылдың соңғы тоқсанында Jusan Bank-тен сатып алынған.
«Ақтөбе» — Қазақстанның бес дүркін чемпионы. Команда соңғы маусымда Қазақстан Премьер-лигасында 5-орыннан көрінген.
Материал авторы