19 қарашада оннан астам өңірге дауылды ескерту жарияланды

19.11.2025, 09:00
258
19 қарашада оннан астам өңірге дауылды ескерту жарияланды Getty Images

Қазгидромет бірқатар өңірде күн райы күрт өзгеретінін жеткізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» 19 қараша күні түнде және таңертең Қазақстанның басым бөлігінде тұман, көктайғақ және екпінді жел күтілетінін хабарлады. Ескертулер аймақтық деңгейде күшінде.

Атырау облысы. Түнде және таңертең өңірдің батысы мен оңтүстігінде, сондай-ақ Атырау қаласында тұман болады.

Ақмола облысы. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Көкшетауда да түнгі және таңертеңгі уақыт тұманды.

Қарағанды облысы. Солтүстік пен шығыста түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысы. Солтүстік, шығыс және орталық бөліктерде, сондай-ақ Ақтөбе қаласында тұман болады.

Павлодар облысы. Аймақтың батысы, солтүстігі және орталығы тұманды. Павлодар қаласына да осындай болжам берілген.

Қостанай облысы. Батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде түнгі және таңертеңгі тұман сақталады.

Қызылорда облысы. Солтүстік пен орталықта, Қызылорда қаласында кей уақытта тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысы. Батыста көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын. Облыстың басым бөлігінде тұман. Желдің екпіні 15–20 м/с. Петропавлда — тұман және екпінді жел.

Түркістан облысы. Солтүстік және таулы аудандарда тұман күтіледі.

Абай облысы. Оңтүстік және орталық бөліктерде шығыс, оңтүстік-шығыс бағыттағы жел 15–20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы. Солтүстік бөлікте тұман. Кей өңірлерде жел 15–18 м/с. Өскемен мен Риддер қалаларында екінші дәрежелі қолайсыз метеожағдай сақталады.

Маңғыстау облысы. Батыс және солтүстік-шығыста түнде және таңертең тұман.

Батыс Қазақстан облысы. Батыс, солтүстік және шығыс бөліктерінде тұман. Желдің екпіні 15–20 м/с. Орал қаласына да осындай болжам берілді.

Астана. Түнде және таңертең тұман.

Алматы облысы. 19 қарашада жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, таулы аудандарда 18 м/с дейін күшейеді.

Жетісу облысы. 18–19 қарашада Алакөл маңында жел 23–28 м/с.

Жамбыл облысы. Таулы аудандарда тұман күтіледі. 15–20 м/с жел соғады. Таразда да кей уақытта тұман болады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды