Денсаулық сақтау министрлігі тұмау маусымы күшейгенін айтып, ескерту жасады

19.11.2025, 09:56
172
Денсаулық сақтау министрлігі тұмау маусымы күшейгенін айтып, ескерту жасады SMARTNEWS.KZ коллажы

Тұмау штамдарына қатысты нақты деректер белгілі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда жедел респираторлық вирустық инфекциялар көбейіп келеді. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ЖРВИ мен тұмауға қатысты жаңартылған мәліметтерді жариялады. Министрдің айтуынша, елде жыл сайын 3-4 миллион адам ЖРВИ жұқтырады, ал тұмау жағдайлары екі мыңға дейін жетеді.

1 қыркүйектен бері Қазақстанда 1 461 819 ЖРВИ дерегі тіркелген. Бұл – өткен маусымның дәл осы кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға төмен көрсеткіш. Науқастардың үштен екісі – 14 жасқа дейінгі балалар.

Алайда соңғы аптада жағдай күрт өзгерді: 183 074 науқас тіркеліп, былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда өсім 16 пайызды құрады.

Маусым басталғалы бері 590 адамның тұмаумен ауырғаны расталды:
• 587 адамда – А типі (H3N2) «гонконгтық» штамы;
• 3 адамда – А типі (H1N1).

Министрдің сөзінше, биыл тұмау айналымы қазан айының басында басталған, бұл өткен маусымға қарағанда ертерек. Қазақстанда бұрын тіркелмеген жаңа штамдар анықталмаған.

ЖРВИ белгілерімен келген азаматтардан өзге вирустар да табылып жатыр: риновирус, парагрипп, аденовирус, бокавирус, коронавирус, РС-вирус, метапневмовирус.

Бір апта ішінде мектеп оқушылары арасында 6 мыңнан аса ЖРВИ дерегі және 13 тұмау жағдайы тіркелген. Тұмауға қарсы 2,1 миллион адамға вакцина егілген. Екпе H3N2 қоса алғанда, биыл белсенді айналымда жүрген штамдарға қарсы қорғаныс береді.

Министрлік азаматтарды қарапайым сақтық шараларын ұмытпауға шақырады: жиі желдету, антисептик қолдану, адам көп жиналған жерден аулақ болу және науқас балаларды мектепке жібермеу.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды