Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды
2025 жылы базалық және жинақталған зейнетақы өскен.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері жарияланды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша, 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 516 мың адамға жеткен.
2025 жылдың басынан бері республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 3 трлн 512,7 млрд теңге жұмсалған. Оның ішінде базалық зейнетақыға – 1 трлн 137,2 млрд теңге, ал жинақталған зейнетақы төлемдеріне – 2 трлн 375,5 млрд теңге бағытталған.
Орташа зейнетақы 142 744 теңгені құрайды. Солардың ішінде жинақталған зейнетақы – 95 167 теңге, базалық зейнетақы – 47 577 теңге. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап базалық зейнетақы 6,5%-ға, ал жинақталған зейнетақы 8,5%-ға артты, бұл инфляциядан 2% асып түседі.
Сонымен қатар, 2023 жылдан бері бес жылдық кезеңде базалық зейнетақыны кезең-кезеңімен арттыру жұмыстары жүргізілуде. Минималды базалық зейнетақы 1 қаңтардан бастап 65%-дан 70%-ға, яғни 32 360 теңгеге, ал максималды мөлшері 105%-дан 110%-ға, яғни 50 851 теңгеге жетті.
Бұл шаралар зейнеткерлердің әлеуметтік қорғалуын күшейту және сатып алу қабілетін қолдау мақсатында жүргізілуде.
Материал авторы