«Неге Отбасы банк қызметкерлері де күдікке ілінбеген?»: Депутат заңсыз құрылысқа қатысты мәселені көтерді

19.11.2025, 13:40
413
«Неге Отбасы банк қызметкерлері де күдікке ілінбеген?»: Депутат заңсыз құрылысқа қатысты мәселені көтерді @mazhilis_kz

Депутат Алматы мен Астанадағы құрылыс дауларын прокурорлардың тексеруін сұрады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек премьер-министр Олжас Бектенов пен Бас прокурор Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдап, Алматы мен Астанадағы құрылыс дауларын қатаң бақылауға алуды сұрады.

Депутат Базарбек «Швейцария» тұрғын үй кешенінде 150-ден астам үлескер зардап шеккенін атап, бес қабатты үйлердің заңсыз тұрғызылғанын ескертті. Ол құрылыс компаниясы қамауға алынғанына қарамастан, «Отбасы банк» қызметкерлері сот шешімін елемей тұрғындарға несие бергенін сынға алды.

«Швейцария тұрғын үй кешенінде 150-ден астам үлескердің зардап шеккенін білеміз. Олардың бәрі өз қаражаттарын қауіпке тігіп, сот шешімі бойынша бұзылуға тиісті ғимараттарға инвестиция салған. Дегенмен, сұмдық парадокс бар: бұл қылмыстық іске тек құрылыс компаниясының басшысы ғана жазаға тартылған. Ал Отбасы банк қызметкерлері ше? Олар дәл сол уақытта азаматтарға несие рәсімдеп, сотпен бекітілген шешімдерді айналып өткен, тергеуде жоқ. Банк қызметкерлерін кім қорғап отыр? Олар қазір тергеу изоляторында болуы тиіс еді», – деді депутат. 

Сонымен қатар, «Монблан» тұрғын үй кешені мен 20 басқа кешеннің де сот шешімі бойынша бұзылуы қажет екенін, бірақ бұзылмай жатқанын атап өтті.

Депутат Алматыдағы ипподром мәселесіне де назар аударды. Ол бұрын Шымкенттегі ипподромның құрылыс компаниясына беріліп, тұрғын үй кешеніне айналғанын еске салды.

«Шымкенттегі ипподромды бұрынғы билік қалай жойып кеткенін бәріміз білеміз. Сол қателікті Алматыда қайталамауымыз керек. Алматы ипподромын да дәл солай жойып алмайық», – деді депутат.

Сондай-ақ депутат Астанадағы Талдыкөл мен Кіші Талдыкөл көлдерінің су қорғау аймақтарына қатысты заңсыз құрылысқа да алаңдаушылық білдірді. Ол жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекетсіздігін атап өтті. Ол Су ресурстары және ирригация министрлігінің, Астананың әкімдігі мен Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің заңсыз тұрғызылған үйлерді тексеруін және суды қорғау аймақтарын белгілеуін сұрады.

Бақытжан Базарбек парламенттік бақылауды жеке өзі жүзеге асыратынын хабарлап, барлық қажетті шаралардың орындалуын талап етті.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан