«Ұлттық құраманың формасын қытай базарынан алған ба?»: Павел Черепанов Қазақстан футболын саралады

19.11.2025, 14:01
342
«Ұлттық құраманың формасын қытай базарынан алған ба?»: Павел Черепанов Қазақстан футболын саралады Павел Черепанов

Футбол сарапшысы Ұлттық құраманың жеңілісіне не себеп болғанын саралады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан ұлттық құрамасы 2025 жылғы соңғы матчын өткізді.

Достық кездесуде Талғат Байсуфинов баптайтын команда Фарер аралдарының құрамасымен Пула қаласындағы «Альдо Дросина» стадионында кездесті. Матч жергілікті төреші Дуйе Струканның қадағалауымен өтті. Қазақстан командасы эксперименталды құрамда ойнап, 0:1 есебімен жеңіліске ұшырады.

Белгілі футбол сарапшысы және жаттықтырушы Павел Черепанов өз талдауында Sports.kz порталына берген сұхбатында бірнеше өткір мәселені атап өтті:

— Ең бірінші көзге түскені — ұлттық құраманың формасы. «Қайрат» клубы ойнаса, клуб эмблемасында қара түс барын түсінемін. Бірақ біздің туымызда қара түс бар ма? Мұндай түс жоқ... Бұл форманы шетелден, әлде, Қытай базарынан алған ба? — деді Черепанов.

Оның сөзінше, матч өткізу идеясы жақсы болғанымен, логистика қиындық тудырған. Алдымен команда Түркияға ұшып, кейін Хорватияға барған, ал соңғы қашықтықты автобуспен жүріп өткен.

— Егер құраманы бұрынғы бапкер Станислав Черчесов баптайтын болса, Федерацияға талап қоюы мүмкін еді. Өйткені ойыншыларға қалыпты жағдай жасалмаған, — деді Черепанов.

Сарапшы трибунада көрерменнің болмағанын атап өтті. Ойыншылар ұзақ жолдан соң, сапасы төмен алаңда ойнаған. Сондықтан матч сапасын сынға алу орынсыз, бірақ Фарер аралдарының жеңісі заңды деп бағаланды. Қарсыластың командасы құраманы басып озбағанымен, ойынға деген психологиялық дайындықтары күшті болған.

— Мақсат жақсы болғанымен, нәтиже бұрынғыдан өзгеше болмады, — деп түйіндеді Павел Черепанов.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды