«Run for Autism» жыл сайынғы қайырымдылық жүгірулерінің қаражатына 25 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды

19.11.2025, 14:35
203
«Run for Autism» жыл сайынғы қайырымдылық жүгірулерінің қаражатына 25 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды Bolashak Charity

19 қараша күні елордалық №59 «Аққанат» балабақшасында Run for Autism жыл сайынғы қайырымдылық жүгіруінің қаражатына жабдықталған инклюзияны қолдау кабинетінің ашылуы өтті. Бұл кабинет 2023–2025 жылдар аралығында Bolashak Charity қоғамдық қоры балабақшаларда, мектептерде және колледждерде ашып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткен 25-кабинет болды.

№59 «Аққанат» бөбекжайындағы инклюзияны қолдау кабинетінде (ИКК) 2–5 жас аралығындағы аутизмі және басқа да менталдық ерекшеліктері бар 5 балақолдау алады. Кабинетте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың әлеуметтенуі, сөйлеу, коммуникациялық және тұрмыстық дағдылары қалыптастырылады. Балалар негізгі уақытын өз құрдастарымен бірге жалпы топтарда өткізеді, ал бірнеше сағат бойы педагог-ассистенттермен бірге инклюзияны қолдау кабинетінде оқиды. Кабинет командасы 8 маманнан тұрады: куратор – мінез-құлық талдаушы, 5 педагог-ассистент, психолог және дефектолог.

Іс-шараға Run for Autism бастамасының демеушілері мен серіктестері, ата-аналар, блогерлер және БАҚ өкілдері қатысты.

Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының (2024) деректеріне сәйкес, Қазақстанда аутизмі бар 15 000-нан астам бала бар, олардың шамамен 7 мыңымектепке дейінгі жаста. Бейресми деректер бойынша, елдегі аутизмі бар балалардың жалпы саны 35 000-нан асады. Ресми мәліметтерге сәйкес, Астанада ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕБҚ) бар 22 мыңнан астам бала тұрады. 2015 жылдан бері Bolashak Charity қоры елордада ЕБҚ бар шамамен 500 бала мен жасөспірімді инклюзивті біліммен қамтыды.

№59 «Аққанат» балабақшасындағы инклюзияны қолдау кабинеті 2023–2025 жылдардағы Run for Autism қайырымдылық жүгірулерінің қаражатына Bolashak Charity қоры ашқан және жабдықтаған 25 кабинеттің бірі болып табылады. Run for Autism — аутизм саласындағы зерттеулерді қолдауға бағытталған халықаралық бастама. Жүгірулер Нью-Йорк, Лондон, Берлин, Чикаго және Питтсбург сияқты әлемнің ең ірі қалаларында өткізіледі. Қазақстанда жоба алғаш рет 2023 жылы Bolashak Charity қорының бастамасымен ұйымдастырылды. Бастаманың мақсаты — қоғамның назарын аутизм мен менталдық денсаулық мәселелеріне аудару, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға арналған білім беру бағдарламаларына қаражат жинау.

2023 жылдан бері Run for Autism жүгірулеріне 6 443 адам қатысты, олардың ішінде даму ерекшеліктері бар 200-ден астам бала болды. Үш жылда 42 348 444 теңге жиналып, осы қаражатқа Астана және өңірлердегі білім беру ұйымдарында 25 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Соның нәтижесінде 160-тан астам аутизмі, ДЦП, Даун синдромы және басқа да даму ерекшеліктері бар балалармен жасөспірімдер күн сайын қажетті қолдау алып отыр. Run for Autism шарасынаАстана қаласы әкімдігі, Eurasian Resources Group (ERG), «NAK» құрылыс холдингі, «Еуразиялық банк» АҚ, «ALSTOM», «MYD Production», «Аrgymaq», «Пайдалынан», «M Clinic», «G-life» қалалық суы, дәмді тағамның қазақстандық желісі«Shaurma Food», қазақстандық спортшылар одағы «Nomad Triathlon Club» және көптеген басқа да 79 демеуші мен серіктес қолдау көрсетті.

Жалпы, Bolashak Charity қоры 10 жыл ішінде Қазақстанның 24 қаласында 79 инклюзияны қолдау кабинетін ашып, 2 000-нан астам балалар үйінің тәрбиеленушісін және аутизмі мен даму ерекшеліктері бар 10 000-нан астам отбасын қолдау бағдарламаларымен қамтыды. Қор сонымен бірге 1 000-нан астам баланы үйден оқыту формасынан шығарып, инклюзивті ортаға кіруіне мүмкіндік берді.

Bolashak Charity қоғамдық қорының директоры Азамат Божақ атап өтті:«Run for Autism үш қайырымдылық жүгіруінің нәтижесінде жиналған қаражатқа біз Астана және Қостанай облысының Рудный қалаларында 21 инклюзияны қолдау кабинетін балабақшаларда, 2 кабинетті мектептерде және тағы 2 кабинетті колледждерде ашып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз еттік. Осылайша 160-тан астам бала мен жасөспірімге сапалы инклюзивті білім алуға мүмкіндік туды. Біз балалардың дамуы мен оқуы үшін қажетті жабдықтарды, оқу материалдарын және инвентарь сатып алдық. Бұл кабинетте аутизмі, Даун синдромы және басқа да даму ерекшеліктері бар 5 бала білім алады. Мамандардың жұмысын қордың мінез-құлық талдаушысы сүйемелдейді. ИКК-де жүргізілетін сабақтар балалардың әлеуметтену және оқу дағдыларының жақсарғанын көрсетіп отыр.

Ерте қолдаудың маңызы өте зор, өйткені ол балаларды мектеп ортасына дайындайды. Балабақшадағы ерте көмек көрсетуден кейін ерекше балалардың мектепке келгенде педагог-ассистенттердің көмегінсіз-ақ оқуға бейімделе алған жағдайлары болды. Бұл инклюзияны қолдау кабинеттерін дәл мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ашудың маңыздылығын дәлелдейді.

Біз жүгіруге қатысушыларға, демеушілер мен серіктестерге шын жүректен алғыс айтамыз. Сондай-ақ 2026 жылғы сәуірде Астанада төртінші Run for Autism жүгіруі өтетінін қуана хабарлаймыз. Бұл бізге аутизмі бар одан да көп бала мен жасөспірімді қолдауға мүмкіндік береді».

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды