312

Роналду Ақ үйде Трамптың отбасымен танысты

Илон Маск пен Тим Кук та ресми кешке қатысты.

Роналду Ақ үйде Трамптың отбасымен танысты
AFP / Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Португалия ұлттық құрамасының және Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Ақ үйде ұйымдастырылған ресми кешке қатысып, Дональд Трамп отбасымен танысты.

Кеш араб мұрагер ханзадаға құрмет көрсетіп ұйымдастырылған. Легендар футболшы арнайы қонақ ретінде шақырылды. Іс-шарада Трамп:

«Менің ұлым Роналдуның үлкен жанкүйері. Бэррон онымен кездесіп, енді әкесін көбірек сыйлайтын болды деп ойлаймын», – деді.

Сондай-ақ, кешке Tesla компаниясының бас директоры Илон Маск және Apple басшысы Тим Кук қатысқан.

Айта кетейік, Роналду жақында 2026 жылғы Әлем чемпионаты оның соңғы жарысы болатынын мәлімдеді. Дегенмен, футболшы әлі де ойнауға күшінің жететінін айтып, арманы – 1000 гол соғу мақсатына жету үшін тырысатынын жеткізді.

Материал авторы