12 жастағы қызды азғындыққа итермелеген күдіктіні еріктілер қолға түсірді

Азиз Қалижан Редактор
19.11.2025, 17:49
364
12 жастағы қызды азғындыққа итермелеген күдіктіні еріктілер қолға түсірді бейнежазбадан

Қыз баланы «қуған» педофилге тұзақ қалай құрылғаны белгілі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талдықорғанда 12 жастағы қызды азғындыққа итермелемек болған 29 жастағы ер адам ұсталды. Оны қоғам белсенділері арнайы ұйымдастырылған эксперимент кезінде әшкереледі.

Белсенділер жасөспірім атынан жалған аккаунт ашып, парақшада баланың жасы – 12-де екенін ашық көрсеткен. Бірнеше сағаттың ішінде он шақты ер адам хабарласып, стористі бақылай бастаған. Солардың ішінде бір күдікті ерекше белсенділік танытқан.

Желіде өзін «Елдос Каримов» деп таныстырған ер адам әуелі бейтарап амандасып, кейін улы әрекетке көшкен: балаға интим сипаттағы сұрақтар қойып, жыныс мүшесінің суреттерін жіберген. Сондай-ақ дәл сондай суретті қыздан да талап еткені анықталды.

Жасөспірім үйде жалғыз екенін білген күдікті бірден кездесу орнына баруға келіседі. Белгіленген мекенжайда оны белсенділер мен тұрғындар күтіп тұрған. Олар ер адамның балаға жазған хабарламаларын дәлел ретінде көрсетіп, әрекетін әшкере етті. Соған қарамастан күдікті кінәсін мойындаудан бас тартқан.

Оқиға орнына полиция шақырылып, қылмыстық әрекет жасауға талпыныс дерегі тіркелді. Тексеру барысында «Елдос Каримов» деген жалған есімнің артында 29 жастағы Қасым Диас Аянұлы тұрғаны анықталды. Тергеу мәліметінше, ол қыздың жасын нақты білген және бәрін саналы түрде жасаған.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады