Алғабастағы қасірет: Тергеу өрттің шығу себебін атады

20.11.2025, 09:12
438
Алғабастағы қасірет: Тергеу өрттің шығу себебін атады әлеуметтік желіден

Үкіметтік комиссия Алғабас ауылындағы жұмысты бастады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында 12 адамның, оның ішінде небәрі 9 баланың өмірін қиған өртке қатысты тергеу жалғасып жатыр. Құтқару қызметі өрттің нақты неден тұтанғанын әлі анықтап жатқанымен, алдын ала болжам бойынша, қайғылы оқиғаға ақауы бар электрлік удлинитель себеп болуы мүмкін.

ТЖМ өкілдері барлық сала мамандары оқиға орнында жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Бұған дейін Алғабас ауылындағы жеке үйден шыққан өрттен 12 адамның көз жұмғаны белгілі болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, үкімет пен облыс басшылығына қажетті барлық көмекті көрсетуді тапсырды.

Мемлекет басшысының нұсқауымен Алғабас ауылындағы қайғылы оқиғаның себептерін тексеру үшін үкіметтік комиссия құрылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, қасақана өртеу белгілері жоқ. Бұл туралы кеше вице-премьер Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Қаза тапқандардың туыстарына тиісті әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Аталған факті бойынша «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды (ҚК 292-бабы, 3-бөлігі).

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды