SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Геннадий Головкин халықаралық бокс ұйымы World Boxing-ті басқаруға жалғыз үміткер болып қалды. Бұл Харис Мариолис өз кандидатурасын қайтарып алғаннан кейін белгілі болды. Оған дейін осы лауазымға таласып келген Владимир Кличко да сайыстан бас тартқан.
Нәтижесінде, осы апта соңында Римде өтетін сайлауда GGG-нің ұйым президенті болып сайлануы іс жүзінде шешілгендей.
World Boxing 2023 жылдың сәуірінде Халықаралық олимпиада комитеті мен IBA арасындағы жанжалдан кейін құрылған еді. Жаңа құрылымның басты мақсаты — бокстың Олимпиада бағдарламасындағы орнын сақтап қалу және спортты әділ әрі ашық басқаруды қамтамасыз ету.
RUS