324

Үкімет өңірлердің бюджетін толық теңгерді

2026-2028 жылдары өңірлерге берілетін қаражат көлемі белгілі болды.

Үкімет өңірлердің бюджетін толық теңгерді
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сенаттың бүгінгі отырысында Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин алдағы үш жылға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі көрсетілген заң жобасын таныстырды. Министрдің айтуынша, жергілікті бюджеттерді теңгерімдеу толық қамтамасыз етілген.

Вице-премьердің сөзінше, трансферттер есебі барлық негізгі шығыстарды толық қамтиды, ал даму бюджетін қалыптастыру республикалық мүмкіндіктер ескеріле отырып жүргізілген.

Жұманғарин жергілікті қаржының тұрақты орындалуы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жоспарларын жүзеге асыру үшін қажет екенін атап өтті.

Материал авторы