309

Қаңтар оқиғасында ұрланған қару Алматыдан табылды

Полиция Алматыда 2022 жылғы көтеріліс кезінде ұрланған мылтық табылғанын жеткізді.

Қаңтар оқиғасында ұрланған қару Алматыдан табылды
polisia.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысында полицейлер Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару жасырылған жасырын қойманы тапты. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді.

Оперативтік іс-шаралар барысында облыстық ПД экстремизмге қарсы қызметінің мамандары Алматы аумағында, Үлкен Алматы каналы үстіндегі автомобиль көпірінің астынан арнайы жасырылған орын анықтаған. Тексеру кезінде қоймадан 12-калибрлі тегіс ұңғылы мылтық табылды.

Сараптама оның 2022 жылғы қаңтар оқиғалары кезінде қаладағы қару-жарақ дүкенінен ұрланған қару екенін растады.

Факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

Материал авторы