Ауыл әкімі тұрғындарды балағаттағаны үшін тағы жазаланды

20.11.2025, 14:30
356
Ауыл әкімі тұрғындарды балағаттағаны үшін тағы жазаланды gov.kz

Тұрғындарды қорлаған шенеунікке қатысты іс тағы ушықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысында ауылдық округ әкімі тұрғындарды балағаттағаны үшін тағы да жауапкершілікке тартылды. Қуаныш Төлеуханға қатысты тәртіптік шаралар облыс әкімінің тапсырмасымен күшейтілді.

Қазан айының басында әлеуметтік желіде тараған видеода Шілікті ауылдық округінің әкімі тұрғындармен сөз таласы кезінде айқайлап, боқауыз сөз айтқаны анық көрінген. Оқиғадан кейін шенеунікке әкімшілік айыппұл салынды, іс этика кеңесінде қаралды.

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов брифингте бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, мемлекеттік қызметтегі мұндай әрекеттер жазасыз қалмауы керек екенін айтты.

Облыс басшысының сөзінше, әкімдік Қуаныш Төлеуханға қатаң сөгіс жариялаған, сондай-ақ осы бағытқа жауапты оның орынбасары да тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Кадр қызметтеріне мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс орнындағы этика талаптарын тұрақты түрде еске салып отыру тапсырылды.

Бұған дейін полиция 36 жастағы ауыл акимін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі бойынша, яғни қоғамдық орында былапыт сөйлеу фактісі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Төлеухан кейін ауыл тұрғындарынан кешірім сұраған.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды