Талдықорғандағы барда жалаңаш билегендер қамауға алынды (ВИДЕО)

Азиз Қалижан Редактор
21.11.2025, 09:42
601
Талдықорғандағы барда жалаңаш билегендер қамауға алынды (ВИДЕО) бейнежазбадан

Талдықорғандағы барда түсірілген стриптиз видеосы желіге тараған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талдықорғандағы барлардың бірінде түсірілген жартылай жалаңаш стриптиз биі әлеуметтік желіге тарап, соңы әкімшілік жазаға ұласты.

Оқиға келушінің ұялы телефонына жазылған видеодан кейін белгілі болды. Кадрларда екі стриптизердің жартылай жалаңаш келушілермен бірге би билеп тұрғаны анық көрінеді. Видео көпшіліктің наразылығын туғызып, Жетісу облысының полициясы тексеріс бастады.

Ведомство мәліметінше, видеожазба тарағаннан кейін тәртіп сақшылары оқиға өткен орынды және барлық қатысушыларды дереу анықтаған.

«Қоғамдық орынға құрметсіздік танытып, тәртіпті бұзған әрекеттер бойынша бар иесі мен бірнеше азаматқа қатысты әкімшілік материалдар жиналды. Арнайы сот шешімімен мекеме иесі мен қатысушылардың бірі 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Тағы бір әйелге қатысты іс оның тұрғылықты жері бойынша қарауға жіберілді», — деп хабарлады полиция.

Сауық орнының болашақта мұндай құқықбұзушылыққа жол бермеу туралы ресми түрде ескерткен. Басшылыққа профилактикалық шараларды күшейту міндеттелді.

Полиция қоғамдық тәртіпті бұзатын, азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін әдепсіз әрекеттердің жолы қатаң кесілетінін атап өтті.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады