708

Бөшкеге басын батырған: Ата-ана өз қызын хиджаб киюге мәжбүрлеп, қинаған (ВИДЕО)

20 жастағы қызды «жын шығару» рәсіміне мәжбүрлеген.

Бөшкеге басын батырған: Ата-ана өз қызын хиджаб киюге мәжбүрлеп, қинаған (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қырғызстанда 20 жастағы бойжеткен ата-анасының тарапынан қатыгездікке ұшырады. Олар хиджаб кимегені үшін қызын молдаға күштеп апарып, шлангпен ұрып-соғып, тіпті жағымсыз иісі бар сұйықтық толтырылған бөшкеге басымен батырған.

«Сезім» дағдарыс орталығының мәліметінше, Бішкек тұрғынының басынан өткен оқиғаның түп-төркіні — оның хиджаб киюден бас тартуы. Отбасы бір жылдан бері радикалды діни көзқарастарға көшкен, ал қыз бұл талапқа қарсы шыққан.

Жәбірленуші айтқандай, ата-анасы оны ұзақ уақыт бойы молдаға апарып, «жын шығару» рәсімдерін жасаған. Қыздың телефонын тартып алып, үйден шығуға тыйым салған. Физикалық зорлық — тұрақты болған.

Оқиға әлеуметтік желілерде кең талқыланып жатыр. «Сезім» орталығы ата-анамен сөйлескен соң, бойжеткенге хиджаб кимеуге рұқсат берілген.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор