Санкцияға жауап ретінде Ресей Норвегияға сес көрсетті
Мәскеу шектеулер мәселесін желтоқсандағы комиссия отырысына шығаруға ниетті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей Норвегия өз экономикалық аймағында ресейлік кемелерге қойылған тыйымды алып тастамаса, жауапты шаралар қабылдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Росрыболовство басшысының орынбасары Василий Соколов ТАСС-қа хабарлады.
Мәскеу бұл мәселені 8–12 желтоқсанда өтетін Ресей–Норвегия бірлескен балық шаруашылығы комиссиясының отырысында көтеруді жоспарлап отыр. Соколовтың айтуынша, жағдайды қиындатып отырған тағы бір фактор — норвеж су айдынында ресейлік кемелер саны норвегиялық кемелерге қарағанда әлдеқайда көп.
Норвегия биыл шілдеде «Мурман Сифуд» және «Норебо» компанияларына санкция енгізіп, олардың өз аумағында балық аулауына тыйым салған. Ресей бұл шешімге қатысты нота жолдап, мұндай әрекет 1976 жылғы балық шаруашылығы саласындағы өзара қатынастар туралы келісімді бұзады деп мәлімдеді.
Материал авторы