SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Димаш Құдайберген белгілі ақын, қоғам қайраткері әрі Еңбек Ері Мұхтар Шахановтың үйіне арнайы барып, оның ұлы Қуаныш Мұхтарұлының қазасына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы қоғам белсендісі Берік Ағыбаев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Ағыбаевтың айтуынша, Димаштың жеке барып көңіл білдіруі — азаматтық танытқан үлкен құрметтің белгісі.
«Халықтың сүйікті ұлы Димаш Құдайберген ағамыздың шаңырағына арнайы кіріп, қайғысына ортақтасып, Құран бағыштауы — нағыз көрегендік», — деп жазды ол.
Мұхтар Шахановтың ұлы Қуаныштың қазасы жақындарына ауыр соққы болды. Бұған дейін, 2021 жылы ақынның тағы бір ұлы Рауан Шаханов өмірден өткен еді.
RUS