492

Астананың 20 жастағы тұрғыны көлік капотына секірген

Көліктің үстінде билегені үшін астаналық жасөспірім жазаланды.

Астананың 20 жастағы тұрғыны көлік капотына секірген
Астана ПД

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада 20 жастағы жігіт мас күйінде бөгде көліктің капотына шығып, секіріп жүріп, оның алдыңғы әйнегін сындырды. Оқиға Кабанбай батыр даңғылы бойындағы автотұрақта болған.

Полиция дерегінше, тәртіп бұзушы сол жерде-ақ ұсталып, бөлімшеге жеткізілген. Оған қатысты ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Сот шешімімен жігіт 10 тәулікке қамауға алынды.

Полиция әдейі жасалған әрекеттер өзгенің мүлкіне нұқсан келтірсе, заң алдында жауапқа әкелетінін еске салды. Тәртіп сақшылары тұрғындарды қоғамдық тәртіпті бұзбауға және өзгенің мүлкіне құрметпен қарауға шақырды.

Материал авторы