«Тұман, көктайғақ, бұрқасын»: Бүгін елімізде ауа райы күрт нашарлайды

24.11.2025, 09:00
422
«Тұман, көктайғақ, бұрқасын»: Бүгін елімізде ауа райы күрт нашарлайды Getty Images

Қазгидромет синоптиктері тұрғындарға ескерту жасады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның бірнеше өңіріне бір мезетте ауа райының тосын мінезіне байланысты бірқатар дауылды ескертулер жарияланды. Қазгидромет дерегінше, 23-26 қараша аралығында ел аймақтарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын мен күшті жел күшеюі мүмкін.

Маңғыстау облысында 24 қараша күні түнде және таңертең қалың тұман түседі. Сол жағдай Ақтауда да қайталанбақ.

Атырау облысында дәл осы мерзімде аймақтың батысы, солтүстігі және оңтүстігі тұманға оранады.

Ақмола облысында 24 қарашада ауа райы күрт бұзылмақ. Жаңбыр аралас қар жауады, өңірдің солтүстігі, орталығы мен шығысында көктайғақ пен жаяу бұрқасын күтіледі. Тұман да төбе көрсетпек. Жел бағытын өзгертіп, түнде 15–20 м/с-қа дейін, кей аумақтарда 23 м/с-қа жетеді. Көкшетауда таңертең көктайғақ болжанады.

Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында 24–26 қараша аралығында таң алдында және түнде тұрақты тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында 24 қарашада түнгі уақытта жаңбыр аралас қар жауып, тұман түседі. Кей жерлерде көктайғақ пен жаяу бұрқасын байқалады. Солтүстік-батыстан соққан жел 20 м/с-қа дейін күшейеді. Петропавлда да сол көрініс қайталанады.

Алматы облысының орталығы мен оңтүстігінде 24 қараша түнде тұман сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде қар жауып, күндіз жаңбыр мен қар аралас жалғасады. Солтүстік пен шығыста қатты қар күтіледі. Бұрқасын мен көктайғақтан бөлек, 25 м/с-қа жететін жел тұрады. Өскеменде де жағдай осындай.

Абай облысында 24 қарашада жауын-шашынның түр-түрі байқалып, орталық пен шығыста қар қалың түсуі мүмкін. Көктайғақ пен жаяу бұрқасын күтіледі. Жел екпіні кей жерде 28 м/с-қа дейін жетеді. Семейде де дәл осындай ауа райы болжанған.

Павлодар облысында жауын-шашын мен жаяу бұрқасын, тұман және көктайғақ байқалады. Жел солтүстік-батысқа ауысып, 20-23 м/с жылдамдықпен соғады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды