Ауа райына байланысты бірнеше өңірде тасжол жабылды
Ауа райы тұрақталған өңірлерде жылдамдық режимі қайта қаралды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның тас жолдарындағы жағдай туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 24 қарашаға арналған жедел ақпарат таратты.
23 қараша күні сағат 11:00-де Ақмола облысында ауа райының жақсаруы себепті республикалық маңызы бар «КАZ02 Астана Көкшетау (айналып өтумен) Петропавл Ресей шекарасы (Жаңа Жол бекеті)» автожолының 19–231-шақырымдары арасындағы жылдамдық режимі қайта қаралды. Бұл учаскеде барлық көлік түрі үшін шектеу 80 км/сағ деңгейінен 110 км/сағ жылдамдыққа дейін артты.
Сонымен бірге үш өңірде қозғалысқа шектеу әлі де күшінде.
Павлодар облысы
«Астана–Шідерті–Павлодар–Успенка–Ресей шекарасы» жолында «Қалқаман» көлік айрығы маңындағы (Қалқаман ауылына кіреберіс және Астанаға бағытталған шығаберіс) учаске уақытша жабылды.
Астана бағытына балама қозғалыс «Қалқаман–Ақсу» көлік айрығы арқылы ұйымдастырылады. Қалқаманға Павлодар жағынан кіру «Баянауыл» айрығы арқылы жүзеге асады.
Солтүстік Қазақстан облысы
«Тимирязево–Сарыкөл–облыс шекарасы» автожолының 0–30 шақырымында (Қостанай облысының шекарасы – Тимирязево ауылы учаскесі) барлық көлік түріне қозғалыс шектелген.
Шығыс Қазақстан облысы
«Өскемен–Алтай–Катонқарағай–Рахман қайнары» жолының 46–66 шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) аралықта қыс мезгілі аяқталғанға дейін тіркемелі және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынған.
Материал авторы