Астанада наразылыққа шыққан мұнайшылардың көшбасшылары мәлімдеме жасады

12.04.2023, 03:22
683
Астанада наразылыққа шыққан мұнайшылардың көшбасшылары мәлімдеме жасады Видеодан алынған кадр

Астанада наразылыққа шыққан «БерАлы» компаниясының жұмысшылары Жолмұрат Ұлықпанов пен Нұрсұлтан Нұрымов видеоүндеу түсіріп, бүгін санкцияланбаған митинг үшін ұсталған мұнайшылар Маңғыстауға қайтарылатынын жеткізді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Видеоүндеу әлеуметтік желілерде тарады.

Сондай-ақ олар бұл мәселені Маңғыстауда «ҚазМұнайГаз» компаниясы өкілдерімен бірге комиссия құрып, шешетінін айтты.

«Қазір полиция бөлімінде жүрміз. Келіп отырған келісіміміз бойынша Жаңаөзеннен келген мұнайшылардың бір бөлігін таңертең пойызбен, бір бөлігін ұшақпен елге қайтарамыз. ҚазМұнайГаз өкілдерімен ақылдасып, Өзенмұнайгаз және тендер мәселесін комиссия қарайтын болды. Санаулы 4-5 адаммен осында қалып, келісімшартқа қол қою мәселесімен айналысамыз», - дейді видеода Жолмұрат Ұлықпанов.

Мұнайшылар Жаңаөзендегі қолдаушыларын заңсыз әрекетке бармауға және үйлеріне қайтуға шақырды.

Еске сала кетейік, кеше Энергетика министрлігі ғимаратының алдына 70-ке жуық жаңаөзендік («Бералы Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлері) жиналды.

Бүгін Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында ведомство ғимаратының маңайында түнеп шыққан жаңаөзендік жұмысшылардың талабы бойынша ресми шешімәзірленіп жатқанын айтты.

Бұл мәселеге пікір білдірген вице-премьер Алтай Көлгінов заң аясында әрекет ету қажеттігін, «тендерден ұтылған компанияның қайтадан ұтып шыққанын талап ету» дұрыс еместігін айтты.

Бүгін кешке Энергетика министрлігі алдына жиналған бір топ жаңаөзендік мұнайшыларды полиция ұстап әкетті.

 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды