Қырғызстанда Атамбаевтың ұлы мен бірнеше саясаткер тұтқындалды

24.11.2025, 10:18
503
Қырғызстанда Атамбаевтың ұлы мен бірнеше саясаткер тұтқындалды instagram.com/almazbek_atambaev_official

Бішкекте атышулы топ ұсталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қырғызстанда бірқатар саясаткерлер мен елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы Кадырбек Атамбаев ұсталды. Оларға жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға дайындалды деген айып тағылып отыр.

Мәліметті Қырғызстан ІІМ таратты. Құзырлы органның дерегінше, Кадырбек Атамбаевпен бірге Мемлекеттік күзет қызметінің бұрынғы басшысы Дамир Мусакеев, Социал-демократтар партиясының жетекшісі Темирлан Султанбеков, экс-депутаттар Шайлобек Атазов пен Кубанычбек Кадыров қолға түскен.

Ведомство олардың барлығы 30 қарашада өтетін парламенттің мерзімінен бұрын сайлауынан кейін елде толқулар ұйымдастыруды жоспарлағанын мәлімдейді. Тергеу нұсқасына сәйкес, топ митингтерді жасанды түрде көпшілік наразылығы ретінде көрсетуге, әрі қарай әкімшілік ғимараттарды, телестудияларды және күштік құрылым нысандарын басып алуға ұмтылған. Бұл әрекеттерге «криминалдық топтар тартылған болуы мүмкін» делінеді.

ІІМ таратқан ақпаратқа қарағанда, тінту кезінде қару-жарақ, оқ-дәрі, граната, байланыс құралдары, құжаттар, есірткі және 150 мың доллар қолма-қол ақша табылған. Барлығына Қырғызстан Қылмыстық кодексінің «Жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға дайындалу» бабы бойынша айып тағылды.

Ұсталғандардың үшеуі – Темирлан Султанбеков, Ермек Ерматов және Урмат Аскарбеков сот санкциясымен қамауға алынды. Қалғандарына қатысты да бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралуда.

Бұдан бір күн бұрын экс-президент Атамбаевтың әйелі мен тағы бір ұлы тергеуге шақырылған. Елдің бірнеше өңірінде саясаткерлердің үйлерінде тінту жүргізілді. Жергілікті ақпарат құралдары Сыймык Жапыкеевтің де ұсталғанын хабарлайды.

Ал экс-президенттің қызы Алия Шакиева орын алып жатқан жағдайды «саяси қысым» деп атады.

Бішкектегі соңғы айдың тағы бір даулы оқиғасы – қыркүйекте тәуелсіз «Клооп» порталының екі бұрынғы қызметкерінің 5 жылға сотталуы. Оларға «жаппай тәртіпсіздікке шақыру» айыбы тағылған.

Қырғызстан парламентіне мерзімінен бұрын өтетін сайлау 30 қарашаға белгіленген. Депутаттар өкілеттігін өз еркімен тоқтатқаны үшін сайлау 2026 жылдан алға жылжытылған.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады