SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда екі жүргізушінің жолдағы тартысы төбелеске ұласып, жағдайды «Арлан» арнайы жасағы тоқтатты. Оқиға Баймұханов көшесінде болған.
Алдын ала дерек бойынша, Hyundai және Toyota көліктерінің жүргізушілері жолды бөлісе алмай, сөзге келіспей қалады. Қарсыласудың соңы ашық төбелеске жалғасқан. Осы сәтті көліктердің біріндегі жолаушы видеоға түсірген.
Дәл сол уақытта көшеден өтіп бара жатқан «Арлан» жасағы дереу тоқтап, қақтығысты ажыратқан. Артынша сол маңнан басқа шақыртуға кетіп бара жатқан жедел жәрдем көлігі де өткен.
Полицияның мәліметінше, төбелес кезінде 24 жастағы Hyundai жүргізушісі 38 жастағы ер адамның қолын сындырған.
Құқық қорғау органдары Hyundai тізгіндеген азаматты полиция бөліміне жеткізді. Оған мемлекеттік нөмірсіз көлік жүргізгені және сақтандырусыз жүргені үшін әкімшілік хаттамалар толтырылған. Көлігі айыптұраққа қойылды.
Күдіктіге қатысты «Бұзақылық» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.
RUS