Джеки Чанның жаңа фильмі Маңғыстауда түсірілуі мүмкін
Әйгілі өнер жұлдызының түсірілім тобы дайындыққа кірісті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысында әлемдік киножобаның алғашқы дайындық жұмыстары басталды.
Атақты Джеки Чан түсіруі мүмкін «Құдіретті сауыт 4: Ultimatum» фильміне арналған продакшн тобы Ақтауға келіп, өңірдің табиғи және қалалық локацияларын зерттеуге кірісті. Бұл туралы облыстық туризм басқармасы хабарлады.
1986 жылы жарық көрген «Құдіретті сауыт» франшизасы Джеки Чан фильмографиясындағы ең танымал экшн жобалардың бірі саналады. Төртінші бөлімнің Қазақстанда, нақтырақ айтқанда Маңғыстауда түсірілуі — отандық киноиндустрия үшін маңызды оқиға болмақ.
Ақтау қаласына келген күні түсірілім тобы Маңғыстау облысының әкімімен кездесті. Жиында ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ түсірілім процесін өңірде өткізуге қатысты қолдау шаралары талқыланды.
Жоба толық бекітілсе, Маңғыстау әлемдік кино өндірісінің картасына енеді. Бұл аймақтың тарихи түрде алғаш рет Джеки Чан қатысатын ірі халықаралық экшн-фильмнің бір бөлігіне айналуына жол ашады.
Материал авторы