453

Алматыда тағы бір бала жол апатына түсті (ВИДЕО)

Белгіленбеген жерден өткен жеткіншек көлік астында қалды.

Алматыда тағы бір бала жол апатына түсті (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алатау ауданында жасөспірімнің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желіде тарады. Полиция оқиғаның мән-жайын баяндады.

Оқиға 22 қараша күні сағат 16:30 шамасында тіркелген. Полиция департаментінің хабарлауынша, Chery маркалы көліктің жүргізушісі Ашимов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен жеткіншекті қағып кеткен.

Жарақат алған бала қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. Алатау аудандық полиция басқармасы оқиғаның барлық дерегін тексеріп жатыр.

Бұған дейін Алматыда жүк көлігінің жүргізушісі жаяу жүргінші өткелінен өтпек болған қызды қағып өлтіргені үшін сотталған еді. Сондай-ақ қараша басында 12 жастағы қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші де қолға түскен болатын.

Материал авторы