552

Бақтияр Зайнутдинов 2025 жыл аяқталғанша алаңға шықпайды

Ресейлік клубта өнер көрсетіп жүрген отандасымыздың биылғы ойыны тәмам.

Бақтияр Зайнутдинов 2025 жыл аяқталғанша алаңға шықпайды
instagram.com/bateka_11

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәскеулік «Динамоның» бас дәрігері Александр Родионов команда Махачқаланың «Динамосын» 3:0 есебімен жеңгеннен кейін қорғаушы Бақтияр Зайнутдиновтің жағдайына қатысты нақты мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, Қазақстан құрамасының ойыншысы биыл қайта жасыл алаңға оралмайды.

Родионовтың айтуынша, жарақаттан кейінгі оңалту барысы бірқалыпты жүріп жатыр, бірақ футболшыны маусым соңына дейін ойынға қосу мүмкін емес.
Зайнутдинов 19 қазанда РПЛ-дің 12-туры аясында өткен «Ахматқа» қарсы матчта жарақат алған еді. Ол бірінші таймнан кейін алаңнан айырбасталды.

«Динамо» қазіргі таңда 16 тур қорытындысы бойынша 20 ұпай жинап, турнир кестесінде тоғызыншы орында тұр.

Материал авторы