SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ Украинаға қаржылай қолдауды тоқтатты. Бұл туралы бүгін Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт мәлімдеді.
Оның айтуынша, президент Дональд Трамптың шешімінен кейін Вашингтон енді бұл соғысқа қаржы құймайды, бірақ НАТО аясындағы қару-жарақ жеткізілімін «жіберу немесе сату» форматы арқылы жалғастырып отыр.
Ақ үй бұған дейін де бірнеше рет АҚШ-тың Украинаны қаржыландырудан бас тартқанын мәлімдеген. Қараша айында Трамптың өзі АҚШ осы қақтығысқа небәрі $350 млрд жұмсағанын айтқан. Президенттің сөзінше, енді Вашингтон шығын емес, керісінше, НАТО мүшелеріне қару сату арқылы пайда табуға көшкен.
Шілде айында Дональд Трамп пен НАТО Бас хатшысы Марк Рютте Украинаға қолдау көрсетуге арналған жаңа тетік – «Prioritized Ukraine Request List» («Украинаның басым қажеттіліктер тізімі») жөнінде келісті. Бұл жүйе еуропалық мемлекеттер мен Канаданың АҚШ қоймаларындағы қаруды Киевке арнап сатып алуына мүмкіндік береді. Қазан айына қарай осы арнаның арқылы Украинаға қару жеткізу көлемі шамамен €1,9 млрд-қа жетті.
RUS