«Баға ұнамаса, алмаңыз»: Сауда министрлігі азық-түлік неге қымбат екенін айтты

25.11.2025, 11:01
313
«Баға ұнамаса, алмаңыз»: Сауда министрлігі азық-түлік неге қымбат екенін айтты pixabay.com

Вице-министр тамақты базардан аламын дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков Қазақстандағы азық-түлік бағасының көршілес елдерге қарағанда неге қымбат екенін түсіндірді. Бұл туралы Nur.kz жазды.

Үкіметтегі брифингте оған отандық өнімдердің, мысалы, картоп пен жұмыртқаның — шетелде арзан болуына қатысты сұрақ қойылды. 

Журналист Германия мен Қазақстан арасындағы баға айырмашылығын көрсеткен видеоны мысал етіп, халық үшін азық-түлік құнын қалайша қолжетімді ету жоспарланғанын сұрады.

Вице-министрдің айтуынша, ел ішіндегі баға айырмашылығының өзі айтарлықтай — Астана мен Алматы бағасы екі бөлек, ал Шымкентте көптеген азық-түлік едәуір арзан. Бағаға тасымал, сақтау шығындары, сондай-ақ өңірлердегі сауда үстемесінің әртүрлілігі тікелей әсер етеді.

Оның сөзінше, оңтүстікте маржа төмен, халық көп болғандықтан, саудагерлер тауарды арзанырақ сатады. Ал солтүстікке жеткенше шығын көбейеді, сол себепті баға да өседі.

Әбілдабеков Германиямен салыстыруды «жекелеген жағдайлар» деп атап, нарықтағы бағаның өз ішінде де құбылып тұратынын айтты.

«Астананың өзінде бір ғана судың бағасы дүкеннен дүкенге өзгереді. Баға ұнамаса — алмаңыз. Басқа дүкенге барып, басқасын алыңыз. Таңдау еркі бар», — деді ол.

Вице-министр отбасы болып апта сайын базар аралап, тұрақты сатушылардан сатып алатынын да атап өтті.

«Кім қымбат дүкеннен алғысы келсе — өз еркі», — деді ол. Бірақ өзінің қанша қаражат жұмсайтынын нақтыламады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді