Батыс Қазақстанда ішімдік үшін шыққан жанжал кісі өлімімен аяқталды
Күдікті ұсталып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысында алкогольдік дауға байланысты болған жанжал қазаға ұласқан. 13 қарашада Байтерек ауданының бір ауылындағы үйден ер адамның денесі зорлық белгілерімен табылған.
Полиция тергеу барысында күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
«Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, ауыл тұрғындары арасында ішімдік ішу кезінде жанжал шыққан», — деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Тергеу жұмыстары департамент басшылығының бақылауында.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші