688

Иманғали Тасмағамбетовтің босаған креслосына кім отыратыны белгілі болды

ҰҚШҰ-ны 3 жыл басқарған Тасмағамбетов орнын босатты.

Иманғали Тасмағамбетовтің босаған креслосына кім отыратыны белгілі болды
odkb-csto.org

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Иманғали Тасмағамбетов 2023 жылдан бері атқарған Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы қызметінен кетеді. Оның орнына Қырғызстан өкілі Таалатбек Масадыков тағайындалмақ.

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Масадыков қазіргі уақытта ҰҚШҰ-ның Бас хатшы орынбасары екенін, енді ол ұйымның бас хатшысы қызметін атқаратын болады деп мәлімдеді. 27 қарашада жаңа бас хатшы кандидатурасы ресми түрде қаралатын болады.

Иманғали Тасмағамбетов 1 қаңтар 2023 жылдан бастап осы лауазымда қызмет етті. Бұған дейін ол Қазақстан Үкіметін, Президент әкімшілігін, Қорғаныс министрлігін басқарған. Сондай-ақ, Алматы мен Астананың әкімдігі қызметінде болды. 2017-2019 жылдары Ресейде төтенше және өкілетті елші қызметін атқарған. 2021 жылы «КамАЗ» директорлар кеңесіне, ал 2022 жылы Қазақстан гольф федерациясының президенті болып сайланған.

Материал авторы