Денсаулық сақтау министрлігі алқа отырысында ерлікпен қаза тапқан Ұлдана Мырзуанды еске алды
Ел бойынша 100 мыңнан аса дәрігер үнсіздікпен құрмет көрсетті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысы Астанада қаза тапқан 23 жастағы жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.
Ел көлеміндегі 100 мыңнан астам медицина қызметкері әріптесінің ерлігін жұмыс орындарында құрметтеп, үнсіз тағзым етті.
Ұлдана Мырзуан шұғыл көмек көрсетіп жатқан сәтте оқиға орнында мерт болып, өзгенің өмірін арашалау жолында небәрі 23 жасында жан тапсырды.
Қайғылы оқиғадан кейін Мемлекет басшысы оның ерлігі мен кәсіби өжеттігін бағалап, фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші