Бас прокуратура: СҚО-да сепаратизмді насихаттағандар күдіктіге жатпайды
Солтүстік Қазақстан облысында сепаратизмді насихаттауға қатысты тергеу аясында 18 адамнан жауап алынуда. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Қылмыстық кодекстің 180-бабы, 2-бөлігіне сәйкес «БАҚ-ты пайдалана отырып адамдар тобы арасында сепаратизмді насихаттау» бойынша қылмыстық іс қозғады. Қылмыстық іс шеңберінде тұрғылықты жерлері мен жұмыс орындарында тінту жүргізілді. Тәркіленген видеотасымалдаушы сондай-ақ әлеуметтік желілердегі сюжет бойынша сараптама тағайындалды», - деді Жандос Өмірәлиев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Сараптаманы Әділет министрлігінің қызметкерлері жүргізеді, одан кейін әрбір қатысушының іс-әрекетінің біліктілігі бойынша қорытынды жасалады және бұлтартпау шарасы таңдалады.
«Олардың мәртебесі күдікті емес, дегенмен 18 адамнан жауап алынуда», – деді Бас прокурордың орынбасары.