SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында өткен «Қауіпсіз жол» шарасы кезінде Ордабасы ауданының трассаларында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған үйлену кортежі анықталды.
Полицияның жедел әрекеті нәтижесінде құқық бұзған жүргізушілердің барлығы анықталды. Toyota Land Cruiser, JAC, ВАЗ-2115 және ВАЗ-21099 көліктерін басқарған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерден жолда рұқсатсыз пайдаланылған жарқылдақ шам құрылғысын тәркілеп, көліктерді арнайы айыптұраққа жеткізді.
Полицейлер жүргізушілерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жол қозғалысы ережесін қатаң сақтау қажеттігін еске салды.
RUS