343

Бейнеуде 17 жастағы жүргізуші патрульдік көлікпен соқтығысты

Toyota Camry көлігін жасөспірім тізгіндеген.

Бейнеуде 17 жастағы жүргізуші патрульдік көлікпен соқтығысты
Lada.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында 25 қарашада патрульдік автокөлік пен жеңіл машина соқтығысты. Полицияның мәліметінше, азаматтық көлікті 17 жастағы жасөспірім тізгіндеген.

Алдын ала дерекке қарағанда, Toyota Camry жоғары жылдамдықпен келіп, патрульдік көлікке тік соққан. Абырой болғанда, адам өлімі жоқ. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.

Департамент хабарлауынша, кәмелетке толмаған азаматқа көлік жүргізуге рұқсат бергені үшін оның ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, көліктің техникалық талаптарға сәйкес келмеуі бойынша да шара қолданылған.

Тергеу жүріп жатыр.

Материал авторы