Түркістандағы жалақы субсидиясын жымқырғандардың ісі әшкере болды

26.11.2025, 10:43
233
Түркістандағы жалақы субсидиясын жымқырғандардың ісі әшкере болды ҚМА

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 78 адам қағаз жүзінде жұмысқа тұрған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан қаласында субсидияланатын жұмыс орындары арқылы бюджет қаржысын заңсыз иемдену ісіне нүкте қойылды. Қылмыстық істі Қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық департаменті тергеген.

Істе «Еңбек мобильділігі орталығының» бұрынғы жетекшісі, осы орталықтың бөлім қызметкері және бірнеше кәсіпкер жауапқа тартылды. Тергеу деректеріне қарағанда, олар азаматтарды қағас жүзінде жұмысқа орналастырып, мемлекеттік қолдау бағдарламасын пайдалану арқылы қаражатты жүйелі түрде қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.

Схема былай жұмыс істеген: орталықтың қызметкері кәсіпкерлердің ЭЦҚ-ларын қолдана отырып, субсидиялау бағдарламаларына жалған өтінімдер жіберген. Мақұлданған соң, шын мәнінде ешқандай еңбек міндетін атқармаған «қызметкерлерді» жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар рәсімделген. Кәсіпкерлер туыс-таныстарын тартып, банк шот аштырған — бұл шоттарға ай сайын жалған табельдер негізінде «жалақы» аударылып отырған. Кейін қаражат қолма-қол алынып, қатысушылар арасында бөлінген.

Барлығы 78 адам қағаз жүзінде ғана жұмысқа тұрғызылған. Залал көлемі 49 млн теңгеден асқан.

Сот үкімі бойынша:

үш негізгі фигурант 4 жыл 6 айдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды;

екі кәсіпкерге 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы белгіленді.

Мемлекетке келтірілген шығын толық өтелген. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды