Мәжіліс депутаты блогерлерді бірнеше айға әскерге шақыруды ұсынды

12.04.2023, 13:38
542
Мәжіліс депутаты блогерлерді бірнеше айға әскерге шақыруды ұсынды parlam.kz

Парламент Мәжілісінің депутаты Константин Авершин блогерлер мен қоғамда белсенді пікір білдірушілерді әскерге шақыру керек деп санайды. Бұл туралы ол Қорғаныс министріне бағыттаған депутаттық сауалында айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Қазір Қарулы күштердің жағдайы туралы пікірталас шиеленісіп тұр. Өкінішке қарай, пікірді әскерде борышын өтеп жатпаған не өтеп көрмеген «диван сарапшылары» топшылайды. Бұл тақырып жауапкершілікпен қарауды талап ететіні, қаңқу сөздерді көтермейтіні айқын. Дегенмен, қоғам ҚР Қарулы күштерінің жай-күйі туралы хабардар болуы тиістігін түсіну қажет. Бұл жерде мәселе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге де, әскерге шақырылғандардың өмірі мен денсаулығына да қатысты болып отыр, олар біреудің баласы, енді біреудің бауыры», - деді Константин Авершин Мәжілістің жалпы отырысында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа сауал жолдай отырып.

Осылайша, депутат әскер туралы блогерлер мен қоғамдық пікір айтушылар тарапынан көпшілікке жеткізілетін ақпараттың шынайылығын арттыру үшін ұсыныс білдірді.

«Жалпыға ортақ әскери міндет және әскери қызмет заңнамасына сәйкес әскерге шақырылмаған (кейінге қалдырылған не басқа себептермен) азаматтардың ерікті түрде тиісті әскери-медициналық комиссиядан өтіп, әскери бөлімдерде уақытша (1-3 ай) жедел әскери қызмет өтеуіне мүмкіндік беруді қарастыру керек», - деді ол.

Айтуынша, бұл шара блогерлер мен қоғамдық пікір көшбасшылары қатарынан әскери қызметті өткеру аспектілерін шынайы жариялауға шынымен мүдделі адамдарға армия атмосферасына енуге мүмкіндік береді.

«Ал, қоғам олардан Қарулы күштер туралы тікелей ақпарат алады. Сонымен қатар, бұл шара әскерге баруға ниет білдірушілерге, нағыз патриоттарға іс жүзінде елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға өз үлесін қосуына мүмкіндік береді. Осылайша, әскери қызметтің нағыз қиындығы мен ауыртпалығын сезінеді. Менің ойымша, бұл олардың дүниетанымындағы көп нәрсені өзгертеді», - деді депутат.

Сондай-ақ, бұл бастама жедел әскери қызмет өткермеген, қолына автомат ұстамаған азаматтардың ең болмағанда, бастапқы әскери даярлықтан өтуіне мүмкіндік туғызбақ.

«Қорғаныс министрлігіне осы мәселені қарауды, нормативтік-құқықтық актілерге, бұйрықтарға тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар дайындауды, қажет болған жағдайда азаматтардың әскери жиындардан өтуіне қатысты жаңа бұйрықтар әзірлеуді ұсынамын», - деді Константин Авершин.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты